Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Аяужан ЖАНАТОВА, елорда тұрғыны:
– Біз тұратын көшеде қаңғыған ит-мысықтар көбейіп кетті. Тұрғын үйдің кіре берісінен мысықтарды көргенде ауру жұқтыра ма деп алаңдаймын. Қалада босып жүрген үй жануарларын ұстаумен айналысатын мекеме немесе оларды апаратын орындар бар ма?

Оқырман сауалына қала әкімдігіне қарасты «Астана Ветсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналды мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Медет Қылышбаевтың жауабын ұсынамыз.
– Қаңғыбас ит-мысықтарды көрсеңіз, «109» жедел желісіне немесе «Астана Ветсервис» мекемесінің 28-59-70 телефон нөміріне хабарласыңыз. Құрықталған төртаяқ­тылар біздің мекеменің уақытша изоляторына жеткізіледі. Сонымен қатар алдағы уақытта Астана қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша қалада қаңғып жүрген ит-мысықтарға арналған панахана пайда болады. Биылғы қыркүйекте құрылысы басталды. Жоспар бойынша келер жылдың сәуір айының соңында аяқталуы керек. Онда 400 ит пен 100 мысық мекендейтін болады. Соның нәтижесінде қала көшелеріндегі босып жүрген қаңғыбас ит пен мысықтың саны азаяды деп отырмыз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button