Sport

СҮЛЕЙМЕНОВ СҰЛАТТЫ



BASN6428

Халықаралық бокс қауымдастығының жаңа нұсқадағы жарысы АРВ турнирінің екінші айналымында астаналық боксшы Ілияс Сүлейменов кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Новосибирск қаласында өткен жекпе-жекте Ілияс Сүлейменов әлем біріншілігінің күміс жүлдегері алжирлік Мохамед Флиссиді жеңді. Айқас басталысымен арындап алға ұмтылған қазақ боксшысы қарсыласын алғашқы екі раундта әбден қалжыратты. Ал, үшінші раундта шаршы алаң ортасында сұлатып түсірді. Осылайша 52 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген І.Сүлейменов жаңа жарыстағы екінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті. АРВ турнирінің үшінші туры 20 желтоқсанда өтеді.

Турнир жеңімпазы 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алады. Бұл жарыста 10 салмақ бойынша 8 үздік боксшы сынға түсуде. Демек, әр бокс­шы жеті кездесу өткізеді. Бұл турнирде Қазақстаннан Біржан Жақып, Ілияс Сүлейменов, Берік Абдрахманов, Әділбек Ниязымбетов, Антон Пинчук бақтарын сынап жүр.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

 


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button