Елорда тынысы

Су тасқынына дайын

Бас қалада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр. Қаладағы су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны өткен жылдармен салыстырғанда 21-ге дейін азайды. Бұл жөнінде қала әкімдігінде өткен кеңесте айтылды.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қардың еруі салдарынан жеке тұрғын үйлерді су басуына жол бермес үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды, су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендерде қар күреу жұмысын ерекше бақылауға алуды, су өткізу құрылысын тазалауға қатты назар аударуды тапсырды. Бұл жиынға қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазсушар», «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары, құрылымдық бөлімшелер және т. б. өкілдері қатысты. Кеңесте азаматтық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтерде тұрақты дайындық жүргізілгені айтылды. Су тасқыны салдарынан болатын зардаптың алдын алу және жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды.

Қазіргі таңда Астанада қар мен мұзды жинау жұмысы күшейтілген режимде жүргізілуде. Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер елордадан 3 млн текше метрге жуық қар шығарды. Сондай-ақ арық-науа желісін, нөсер-кәріз жүйесін бақылау және жаңбыр қабылдау құдықтарын тазалау жұмысы жүріп жатыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button