Елорда тынысы

Дәрігерлер Түркияға аттанады

Қазақстаннан Түркияға медициналық көмек көрсетуге баратын дәрігерлер бригадасы жасақталды. Оның құрамына Астана қаласының 8 дәрігері қосылды.

Дәрігерлер қатарында елордамыз­дың білікті дәрігерлері: терапевт, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, травматолог мамандар бар. Ақ халатты абзал жандардың жалпы еңбек өтілі: 3 жылдан 29 жылға дейін. Айта кетейік, жалпы 30-дан астам маманнан өтініш келіп түсті.

«Апаттан зардап шеккен түрік ағайынның қайғысы бізге де ортақ екенін айтқымыз келеді. Бауырлас Түркия жұртшылығына көңіл білдіреміз, көмектескіміз келеді. Біз біргеміз!» деп жазылған дәрігерлер өтінішінде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button