Жаңалықтар

Тарихтың айқын ізі

Бас қалада «MEGA Silk Way» сауда, ойын-сауық орталығында «Elbasy jáne Elorda» атты фотокөрме ашылды. Аталған шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов қатысты.

 

Бұл мәдени шара ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жоғары лауазымды қызметіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасының азаттық алған жылдан бастап, егемен елдің қалыптасуы, нығаюы және дамуы жолындағы іргелі істер мен рөлін көрсететін 80-нен аса фотосурет қойылған. Бұл суреттерден өткен жылдардағы тарихтың айқын ізін көресіз.
Тағылымдық мәні бар шараның ашылуында қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов көрменің мақсаты елорданың жарқын жетістіктерін көрсету екендігін айтты.
«Сәулеті мен дәулеті келіскен елорданы көшіру Елбасының тікелей идеясымен жүзеге асты. Қазір ерке Есілдің жағасындағы әсем шаһар – Қазақстанның жаңа бейнесіне айналды» деді ол.
Келушілердің қызығушылығын оятқан фотосуреттер Елбасының жеке мұрағаты мен қалалық Мемлекеттік архивінен алынған.
Көрме 10 шілдеге дейін жалғасады.

Айжан ҚАМБАТЫРОВА,
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің студенті

Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button