Қала тіршілігі

Тазалық – қала айнасы

 Дүниежүзілік тазалық күніне орай, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдас­тығы мен «Let’s do it, Qazaq eli» қозғалысының бастамасымен, Астана қаласы әкімдігі мен «ӨКМ операторы» ЖШС және Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығының қолдауымен елорданың барлық ауданында «World Clean Up Day» атты сенбілік өтті. 

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп гимназиясының стадионында өткен шараның ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері және Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрайымы Айгүл Соловьева мен Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко, Эстонияның Қазақстандағы елшісі Хейти Мяемеэс, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төрағасы Ерлан Бузурбаев, мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар қатысты.
World Clean Up Day – азаматтық жоба. Оның мақсаты – қоғам мен билікті, бизнес және БАҚ өкілдерін табиғатты қоқыстан тазартып, тазалық сақтау үшін бір командаға біріктіру. 2008 жылы Эстонияда бастау алған мұндай шара еліміздің барлық өңірі мен әлемнің 150-ге жуық елінде өтіп, шамамен 380 млн адам жер шарын қоқыстан тазартуға атсалысты. Жалпы, елордадағы сенбілік шарасы аясында мектеп оқушылары мен түрлі ұйымдар өкілдері және еріктілер «Нұрлы жол» теміржол вокзалы мен «Алланың гүлі» мешітінің маңына және Сарыбұлақ өзенінің жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізді.
– Биыл қалдықты сұрыптап тас­тау жобасын енгізіп жатырмыз. Соған орай тамыз айында Білім басқармасымен балабақшалар мен мектептер алаңында сұрыптап тастау жобасын енгізу туралы меморандумға қол қойдық. Енді 90 балабақша мен 76 мектептің әрқайсысымен жеке-жеке келісім жасасатын боламыз, – деді «Astana Clean city MC» компаниясының бас директоры Дуслан Ахметов тілшілерге берген сұхбатында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button