Мәдениет

«Түс. Ұйқысыз түндер»

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма ­театрында ертең көрнекті театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Асылболат Смағұлов­тың «Түс. ұйқысыз түндер» перформанс көрмесі өтеді.

– Шедеврлер жазып, кәсіби суретшілермен бәйгеге түсетін ойдан аулақпын. Не социализм, не капитализм емес, қазіргі біздің қоғам сияқты, менің де жұмыстарым примитивизм мен реализмнің арасында адасып жүрген «измдердің» бірі болар. Бүгінде аты әлемге әйгілі суретші Ван Гог марқұм көзі тірісінде бірде-бір картинасын сата алмай, бар өмірі жоқшылықта өткен ғой. Ал қазір оның бір «Күнбағыстары» пәлен миллион доллар! Сол сияқты біздің суреттер де бір замандарда бағалана жатар, – дейді көрме иесі.

А.Смағұлов Құрманғазы атындағы консерваторияны бітіріп, «драма актері» мамандығын алып шыққаннан кейін еңбек жолын Торғай облысында бастап, кейін Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрында жалғастырған. «Қыз Жібек» спектаклінде Бекежан рөлін сомдағаны үшін «ҚР еңбек сіңірген әртісі» атағына ие болған. Тбилисиде өткен халықаралық жастар театр­лары фестивалінің дипломанты атанған. Орта Азия мен Қазақстан театрларының халық­аралық байқауында гран-при жеңіп алған. «Апиын», «Ұмытпа мені», «Көшпенділер», «Біржан сал», «Елім-ай», «Қазақ хандығы» фильмдерінде басты және қосалқы рөлдерді бейнелеген. Белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай «Мұзбалақ қарақшы, қаражүрек кәззап Бекежанды сәл-пәл сүйкімділікке сүйрелеген, оның сұсты жүзіне аз-кем қан жүгірткен Алаш актері Асылболат Смағұлов болды» десе, Қазақстанның Халық жазушысы Сәкен Жүнісов «Қыз Жібектегі» «Асылболат-Бекежан» – қазақ театры сахнасындағы үлкен құбылыс» екенін атап көрсеткен.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button