Ел тынысы

Тұрғын алаптардағы Республика тойы

Биыл елордада Республика күнін мерекелеу аясында 200-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік шаралар ұйымдастырылды. Олар тек қаланың білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінде ғана емес, сонымен қатар қаланың 5 ауданының тұрғын алаптарында да өтті.

Концерттер ғана емес, спорт эстафеталары, балдырғандарға арналған ойындар ұйымдас­тырылып, балалар аниматорлармен бірге көңіл көтерді.

Сарыарқа ауданында Көктал-2 тұрғын алабындағы Қорғалжын саябағында, Байқоңыр ауданында Өндіріс тұрғын алабында, Алматы ауданында Интернациональный тұрғын алабында, Есіл ауданында Пригородный елді мекенінде және Нұра ауданындағы Жағалау шағын ауданында Астананың Мәдениет басқармасына қарасты шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Мереке шеңберінде елорда тұрғындары «Менің елім – менің туым!» челленджін өткізіп, Астананың 5 ауданында терезелер мен балкондарға және көше бойына 1000-нан астам ту ілді. Ал «Астана жастары» еріктілері елорда көшелерінде Отанға деген сүйіспеншілігін құшақтасу арқылы білдіретін арнайы шара өткізді. Еріктілер қала көшелеріне «Әр құшақта – Отанға деген махаббат» жазуы бар тақтайшамен шықты. «Ме­йірімді қала» шарасы аясында еріктілер жолаушыларға бірлік пен патриотизмді насихаттап, тәттілер сыйлады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button