Руханият

Алаштың азаттық аңсары

Бейбітшілік және келісім сарайында Республика күніне орай «Отан қымбат» атты мерекелік концерті өтті.

Алаштың азаттық аңсары арқау болған концерт Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына, Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына, басқа да Алаш қайраткерлерінің мерейтойына арналды. Алаш мұрасы дәріптелген кеште ардақтыларымыздың ұлт тәуелсіздігі жолында жасаған ұлы істері туралы айтылып, монологтар оқылды. Әрбір тарихи тұлғаны еліміздің белгілі актерлері сомдады.

Көрерменге Республика күні мерекесінің маңызын тарихи тұлғалардың монологымен жеткізген бұл қойылымның ерекшелігі графикалық 3D декорация түрлі тарихи кезеңге сапар шектірді. Әр кезеңнің әндері арқылы қойылымның драматургиялық желісі көрінді.

Театрландырылған концертке белгілі өнер қайраткерлері мен театр әртістері қатысты. Атап айтқанда, Роза Рымбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Айгүл Қосанова, Еркебұлан Дайыров, Дәурен Серғазин, Ибрагим Ескендір, Мәдина Сәдуақасова, Шаба Әденқұл, Ерболат Құдайберген, Сырымтай Еңсепов, Мейірхат Амангелді, Данияр Оразаев, Назерке Серікболова, Бауыржан Ретбаев, Перизат Тұрарова, Жаңабай Өтеген, Шерхан Арыстан, Сағын Өмірбайұлы, Екатерина Табарина, Жәнел Тілеубердинова, т. б. өнер көрсетті. Мерекелік концертте патриоттық рухтағы әндер шырқалды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button