Жаңалықтар

ТҮРКІ ХОРЫНЫҢ ТАБЫСЫ



11240487_926467680732175_8904526460529771140_o

Германияның Магдебург қаласында өткен ІІ Еуропалық хор өнері сайысында ТҮРКСОЙ Жастар камералық хоры «Ру­хани музыка» аталымы бойынша алтын медаль алды.

Еуропаның 35 мемлекетінен келген 100-ден астам хор ұжым­дарының қатысуымен өткен бәйгеде өнерпаз түркі жастары Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсынан «Хорал» поэма-реквиемін орындады. Биылғы мау­сымда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан (РФ) мен Түркия елдерінің музыкалық академиялары мен консерваториялары түлектерінен құралған ТҮРКСОЙ Жастар камералық хор ұжымы құрамында 32 жас өнерпаз бар.
Өнер сайысына Қазақстаннан «Астана Опера» театры мен Астана қаласы мемлекеттік филармо­ния­сының өнерпаздары шақырылған.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button