ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫн ҚОРҒАЙДЫ

erm_9685-2-asli

15 наурыз – халықаралық тұтынушылардың құқығын қорғау күні. Осыған орай Астана қалалық «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі салтанатты жиын өткізді.

Қоғамдық бірлестік төрағасы Қабыкен Закарияновтың айтуынша, елімізде тұтынушылардың құқығы жиі бұзылады. Алайда қарапайым жұрт өз құқығын қорғап, тиісті жерге шағымдана бермейді. Сондай-ақ, ол жиында мектептегі ыстық тамақ беру мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді.

– Біз мектептердің ыстық та­мақпен толық қамтылуымен айналыстық. Өйткені балалардың біздің болашағымыз екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан да елор­дадағы барлық мектептерді аралап, олардың ыстық тамақпен қамтылуын қарап шықтық. Осы­ның арқасында аз қамтылған отбасыдан шыққан бастауыш сынып оқушысына берілетін ыстық тамақтың бағасы 80 теңгеден 284 теңгеге дейін өсті, – дейді Қабыкен Закариянов.
Алайда қоғамдық бірлестік бір оқушыға берілетін ыстық тамақтың бағасы 350-400 теңге болуы керек деп есептеп отыр. Жиын соңында тұтынушылардың құқығын қорғауға қосқан үлесі үшін бірқатар сала өкілдері арнайы марапатталды.

Серік ҚҰДАЙБЕРгЕНҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button