Денсаулық

Туберкулез – қатерлі дерт

№11 қалалық емханада фтизиопульмонология орталығының дәрігерлері: директордың емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.К.Дакенова мен жоғары санатты фтизиатр дәрігер М.И.Абдрахманованың қатысуымен 2023 жылы туберкулезге қарсы іс-шаралардың қорытындысы бо­йынша медициналық кеңес өтті.

Жауапты дәрігерлер туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды және емханада туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапасын бағалау индикаторларының орындалуын баяндады.

Дүние жүзінде жыл сайын 9 миллион адам туберкулезбен ауырады. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын бір науқас бір жылда 15 адамға дейін жұқтыруы мүмкін.

Дерт көбіне тыныс алу мүшелерін (ең бастысы, өкпе мен бронхты) зақымдайды, бірақ басқа да мүшелерді зақым­дауы мүмкін, мысалы, сүйектер мен бұлшық еттер. Осы айырмашылықтарына қарай туберкулездің екі негізгі түрі бар: өкпе туберкулезі және өпеден тыс туберкулез.

Туберкулездің белгілері:

* жөтелу және қақырықтың бөлінуімен жөтелу, кейде қанмен;

* ұзақ уақыт бойы 37-37,5 градусқа дейін дене қызуының жоғарылауы;

* тез шаршау және әлсіздіктің пайда болуы;

* тәбеттің болмауы немесе азаюы, салмақ түсіру;

* көп терлеу, әсіресе түнде;

* денеге кішкене жүк түсірген кезде ентіге бастау.

Аталғандардың бір, екі немесе үш белгісі болуы мүмкін. Міндетті емес белгілердің бірі – жөтел.

Үш аптаның ішінде жоғарыда аталғандардың біреуі сақталған кезде, бірден терапевт немесе фтизиатр дәрігерге шұғыл бару керек.

Туберкулезді ерте анықтау және дұрыс емдеу кезінде жұқтыр­ған адамдар бактерия таратуды тоқтатады және емделуі мүмкін.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button