Мәдениет

Үлкен сахнада ән әуелетті

Астанадағы «Қазмедиа холл» концерт залында «Ән айтқым келеді» атты алғашқы музыкалық шоу өтті. Онда алдын ала іріктеуден өткен, 18 жастан асқан 20 адам өнерлерін көрсетті. Соның ең үлкені 67 жаста болды.

Жобаға қатысушылар бір ай бойы вокалдан, стильден және сахналық шеберліктен сабақтарды өтіп, дайындалды. Ұйымдастырушылар үлкен сахнада ән салуды армандаған адамдарға осындай мүмкіндік беруді мақсат етіп қойды. Қатысушылардың өнерін белгілі әншілер саралап, ақыл-кеңес­терін берді.
Жоба авторы, режиссер Ба­қыт­жан Тәжиновтың айтуынша, командаға өз ісінің нағыз шеберлері тартылды. Олар биден, имиджден, вокалдан шеберлік сабақтарын өткізді. Соның бірі – «Х-фактор» жобасының өңірлік филиалының жетекшісі, әнші Владимир Лигай өнер жолын енді бастаған әртістер бастапқыда қандай қателерге ұрынатынын айтып, ондайдан сақтандыруға тырысты.
Парижде өткен сән апталы­ғында «Fashion Global» startup-жобасын жеңіп алған дизай­нер, «Zeken» сән үйінің негізін қалаушы Қайролла Әбішев образ таңдау мен стильден ақыл-кеңес берді.
Жалпы, жыл аяғына дейін ұйымдастырушылар осындай бестен астам шоу өткізіп, қорытынды концертті желтоқсан айында өткізуді жоспарлап отыр. Жуырда шоудың екінші маусымына іріктеу жарияланады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button