Жаңалықтар

Ұлттық кеңестің құрамы бекітілді

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық кеңестің құрамына қоғам белсенділері, саясаткерлер мен журналистер кірген. Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы жиыны 20 тамызға жоспарланғанын хабарлады.
«Бүгінде күн тәртібі, қандай жұмыс топтары құрылады, олардың құрамына кімдер кіреді, осының барлығын шешетін боламыз. Осы ұлттық кеңестің құрамына кіріп отырған азаматтарға алғыс білдіремін. Әрине, басқа да адамдарды тартуға болар еді. Бірақ біз осы талқылауларда нақты мәселелер көтеріп, ұсыныстар жасаймыз дегендіктен, ол тек жиын барысында айтылып қоймай, шынайы өмірде де қолданысқа енуі керек» деп түсіндірді Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button