Басты ақпаратЕлорда тынысы

Жәрмеңке жалғаса береді

Елордада апта сайын өтіп жүрген өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін Ақмола облысының диқандары түйіндеді. Демалыс күндері өтетін жәрмеңкені енді елорданың тауар өндірушілері жалғастырады.

Астана тұрғындары үшін жәрмеңкедегі азық-түлікті нарықтағы бағадан арзанға сатып алуға мүмкіндік қарастырылған. Жәрмеңке, әдеттегідей, «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда өтетін болады.

Ал өткен демалыс күндері ақмолалық өндірушілер 50-ден аса өнім түрін ұсынды. Ауыл шаруашылығы өндірушілері тауарларды делдалдарсыз сатты, соның нәтижесінде мұндағы бағалар нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болды. Мұндай жәрмеңкелердің басты мақсаты – астаналықтарға қолжетімді бағада азық-түлік сатып алуға мүмкіндік беру.

Жалпы Ақмола облысының аграршылары Астанаға 200 тоннаға жуық ет өнімдерін, 100 тонна сүт өнімдерін, 13 тонна жаңа ауланған балық, шамамен 1 миллион дана жұмыртқа, 25 тоннадан аса ұн, 100 тонна көкөніс әкеліпті.

«Осы жәрмеңкеге келгенді ұнатамын әрі апта сайын осы жерден азық-түлік сатып аламын. Қала дүкендеріндегі бағалардан әлдеқайда арзан. Ал мұндағы бағалар қолайлы, бәрі жаңа өнімдер және таңдау да көп» дейді елорда тұрғыны Жақсыкелді Қожахметұлы.

Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, осы жылдың 27-30 қазаны аралығында елордаға 15 облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілері 5500 тоннадан астам өнім әкелген. Олардың арасында ет, көкөністер, жемістер, ұн, макарон, бал, балық, кондитерлік өнімдер, сүт өнімдері және басқалар бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button