Мәдениет

Әсем киім – әйел ажары

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мұсылман әйелдерінің ІІ республикалық «Әсем киім – әйел ажары» сәнді киім байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – әйел-қыз­дарға шариғат пен дәстүрімізге сай, қазіргі заман талабына орай орамал мен мұсылманша киім үлгілерін насихаттау болды.

– Асыл дініміз Исламда әйелге айрықша мәртебе берілген. Имандылық, ізеттілік, қайырымдылық, жанашырлық жолын ұстанған халқымыз қыз-келіншекті құрметтеудің үлгісін көрсеткен. Қызды құрметтеуге келгенде оны тіпті төрге шығарған, ал тәрбиесіне келгенде қызды қырық үйден тыйған. Осы тыйымның бәрі әйелдің иманы мен құрметін, ары мен ұятын қорғайды. Расында, қазақ халқында: «Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бар. Мұның мағынасы өте терең. Өйткені кез келген адамның анасы – оның алғашқы медресесі. Адам баласы алғашқы тәрбиені анасынан алғандықтан, бұл ретте сіздерге жүктелер міндет аса үлкен. Алла жар болсын, – деді байқауға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Байқауда облыс-өңірден келген жиырмаға жуық дизайнердің 200-ден астам мұсылманша киім үлгілері көрсетілді. Байқау соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button