Спорт

Алтынды кім алады?

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-­лигасында соңғы турдың ойындары қалды.

Әзірге чемпион анық­талмай тұр. Осыған дейін турнир кес­тесін бастап келген «Ақтөбе» көмбе алдында қарсыласымен ұпай бөлісті. Шымкентте «Ордабасымен» ойнаған ақтөбеліктер 2:2 есебімен тең түсті. Есесіне «Астана» сырт алаңда жеңіске жетіп, бір ұпай алға озды. Астаналықтар «Қызылжар» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Қазақстанның 5 дүркін чемпионы «Ақтөбе» мен 6 дүркін чемпион «Астана» арасындағы бәсекенің жеңімпазы соңғы турда белгілі болады. Ал қола жүлде үшін «Тобыл» мен «Қайрат» таласады.

Ал премьер-лигадан қай командалар шығып қалатынын да айту әзірге мүмкін емес. Белгілісі соңғы екі орында қалған командалар келесі жылы бірінші лигада ойнайтын болады.

Соңғы турдың ойындары 6 қарашада өтеді. «Шахтер» – «Астана», «Ақтөбе» – «Қайрат», «Ақжайық» – «Тобыл», «Мақтаарал» – «Ордабасы», «Тараз» – «Тұран», «Ақсу» – «Атырау» командалары өзара кездеседі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button