Спорт

Пара каратэшілер – әлем үздігі

Италияның Бергамо қаласында пара-каратэден өткен әлем чемпионатында астаналық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді.

Әлем чемпионатына 16 мемлекеттің спортшылары қатысты.

Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғаған елордалық Ләззат Жүсіпова көру қабілеті зақымданған спортшылар санатында алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар санатында өнер көрсеткен Дидар Мұхамеджанов та әлем чемпионы атанды.  Екі спортшы да пара каратэнің «Ката» түрінде күш сынасты.

Әлем чемпиондарын Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері мен жанкүйерлер қауымы әуежайдан салтанатты түрде қарсы алды.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button