Әлеумет

Жәрмеңкеге жастарды шақырды

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Еңбек мобильдігі орталығы бірлесе отырып, жастар мен ЖОО түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Елордадағы «Central Market» әмбе­бап сауда орталығында өткен жәрмеңкеге 20-ға жуық жұмыс беруші қатысып, жүзге тарта бос жұмыс орнын ұсынды.

Қалалық Жастар ресурстық орталығының маманы Олжас Хамитовтың сөзінше, жыл соңына дейін жастарға арналған тағы 2 жәрмеңке ұйымдас­тырылады. Осы уақытқа дейін 5 жәрмеңке ұйымдастырып, 5 мыңға жуық адам қатысты. 2 500-ге жуық бос жұмыс орны жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған болатын. Үміткерлер арасынан 300 адам тұрақты  жұмысын тапты.

Орталық маманының айтуынша, елордада NEET санатындағы жастардың көбі сауда және құрылыс саласында жұмыс істейді. Сол себепті ұйымдастырушылар алғашқы тәжірибе ретінде жәрмеңкені базарда өткізуді жөн көрген. Айта кетейік, бүгінде елордада 14-34 жас аралығында 440 мың жас бар. Олардың 6,2 пайызы NEET санатына жатады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button