Әлеумет

Өзен жағасын тазалады

Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астана жастары» жастар ресурс­тық орталығымен бірлесе отырып, Есіл өзенінің жағалауын тазалады. Акцияға 50-ден астам ерікті қатысты.

Еріктілер қолдарына күрек, тырма, қап алып, маңайды қоқыстан тазартып, өзен жағасын ретке келтірді. Барлығы 8 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Есіл өзенінің жағалауы елорда тұрғындары мен қонақтарының негізгі демалыс орындарының бірі болып саналады. «Астана жастары» еріктілері қаланың экологиялық акцияларына тұрақты түрде белсенді қатысып келеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button