Uncategorized

Дара қазақ

Ұрпағына өшпес өнеге, өлмес білімді асыл мұра етіп қал­дырған ұлы Абай әлемі – шексіз әлем.  Ол – ұлтымыздың биік тұғыры, халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «Ұлы Абай – біздің еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі кемеңгер». Сондықтан да болашақ ұрпақ пен жас толқын үшін ғұлама ақынның өсиеттері мен өнері – асыл қазына. Осындай ұлы тұлғамызды дәріптеп, үлгі тұту – сіз бен бізге аманат.

Абай «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деп ХІХ ғасырда-ақ бірлік арқылы күллі адамзаттың көшіне ілесе білуге шақырды. Бүгінгі қилы заман, тұрақсыз саясат әлемінде барша табысымыз бен жетістігіміз қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған дәйекті саясаттың үлкен нәтижесі деп білемін. Жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын, ағайын!

Акбаржан ИСМАИЛОВ,

Қазақстан халқы ­ассамблеясы ­төрағасының орынбасары

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button