Қала мен Сала

Жаңа әдіспен анықталады

Елорда жолдарында 21 ақпаннан бастап «Ekin Patrol G2» мобильді аппарат-бағдарлама кешенімен жабдықталған 5 экипаж патрульдейтін болады. Бұл қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Эльдар Данияровтың айтуынша, жаңа жоба қарама-қарсы және бір бағытта келе жатқан автокөліктердің жылдамдық режимін бұзушылықты анықтайды.

– «Ekin Patrol G2» мобильді аппарат-бағдарлама кешені 360 градусқа жан-жағын шолып қарайтын панорамалық бақылау тетігі арқылы іздеуде жүрген көлік құралдарын тануға жол ашады. Бұл функция осындай автокөліктерді ұстауға жедел әрекет жасау­ға ықпал етеді. Кешен мобильді әрі көпфункционалды болғандықтан, бұзушылықты тіркейтін стационарлық камералары жоқ көшелердің учаскелерінде жылдамдық режимін бұзушылықтар тіркеледі, – деді Эльдар Данияров.

Жалпы енгізіліп жатқан бағдарлама жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуін бақылауға мүмкіндік береді.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button