Жаңалықтар

Жаңа мектептер бой көтереді

Елордада бірнеше жаңа мектеп салынуда. Келер жылы Байқоңыр ауданында – 2, Алматы ауданында 3 мектеп пай­да­ла­нуға берілмек.

Байқоңыр ауданындағы Сейфуллин–Омаров және Иманов–Брусиловский көшелерінің қиылыстарында салынып жатқан 900 орындық екі жаңа мектептің құрылысы алдағы оқу жылының қарсаңында аяқталмақ. Сонымен қатар, келер жылы осы аудандағы тағы 6 балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Онымен қоса, 18 білім беру нысанының жанында жол таңбалары мен бағдаршамдар орнатылмақ.
Ал Алматы ауданында ал­да­ғы жылы үш мектеп пай­да­лануға беріледі деп кү­тілуде. 1200 орынға шақ­тал­ған білім ошақтары Май­қайың мен А351 көшелерінің және Панфилов кө­шесі мен Тәуелсіздік даңғылының, Қалдаяқов пен Әзірбаев көшелерінің қиылысында орналасатын болады. Сондай-ақ Б.Момышұлы даңғылында 900 орынға арналған тағы бір мектеп бой көтермек. Ал «Мичурин» тұрғын алабында 600 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, бірқатар мектептерге жапсарлас ғимараттар да салынбақ.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button