#Жаңа Қазақстан

Жаңа Қазақстан құруға дайынбыз



Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында халық көкейінде жүрген мәселелермен қоса бірқатар жаңа идеялар айтылды.

[smartslider3 slider=2455]

Президент қаңтар оқиғасына қатысты негізсіз қауесеттердің ауқымды таралуына байланыс­ты құқық қорғау органдарына тергеу нәтижелері бойынша уақытылы ақпараттандырып тұруды тапсырды. Елді ыдыратып, билікті басып алу болған теріс пиғылды адамдармен күресте бірлік пен жанашыр­лық көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.

Жаңа Қазақстан құрғымыз келсе мемлекетімізде реформалар жүргізу, ауқымды өзгерістер енгізу өте маңызды. Осыған орай қоғамдағы сенімді арттыру үшін заң аясында бейбіт жиындарға рұқсат етілді. Президент халыққа ауызша айтылып, қағаз бетінде қалатын қызмет емес, ашық, оңтайлы шешімдер қажеттігін атап өтті. Атқарылуы тиіс көлемді жұмыстардың бағыттарын айқындады. Атап өтсек:

– Суперпрезиденттік басқару моделінен Парламенті мықты Президенттік Республика моделіне көшу. Президент партия төрағалығынан, мүшелігінен бас тартады.

– Мықты Парламент құру. Сенат және Мәжілісті қалыптастыру тәртібін қайта қарас­тыру. Төменгі палата құзіретін кеңейту.

– Сайлау жүйесін жетілдіру, дамыған мемлекеттердегі үрдіс­терді енгізу. Азаматтардың мемлекетті басқарудағы рөлін арттыру.

– Партиялардың бәсекелестігіне жол ашу, жаңа партиялар құруға мүмкіндік беру.

– Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру.

– Билік пен халық арасында дәнекер болатын Ұлттық құрылтай құру.

– Жергілікті өзін-өзі басқарудың мықты жүйесін қалыптастыру. Қаржыландыруды қайта қарастыру.

– Дағдарысқа қарсы шаралар пакетін іске асыру.

Сонымен қатар Президент халық тарапынан түскен өтініштерге сүйене отырып, Абай, Ұлытау облыстарын құру және Алматы облысын екі аумаққа бөлуді ұсынды. Қапшағайға Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруге тұрғындар қарсы болмаса, Президент қолдау білдіретінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы сөз соңында заман қаншалықты күрделі болса да, ұстамдылық пен парасаттылықтың арқасында Отаншылдық рухын сақтай отырып барлығын жеңіп шығуға болатынын жеткізді.

Біз де өз тарапымыздан «Жаңа Қазақстан» құруға атсалысуға дайынбыз.

Ерлан ДӘКЕНОВ,

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button