#Жаңа Қазақстан

Биік мақсаттар қойылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын бір деммен көріп шықтым. Жолдауда: «Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек.

[smartslider3 slider=2454]

 

Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге «Жаңа Қазақстанды» құруға кірістік» деп Мемлекет басшысы әр қазақстандықтың жүрегіне құлшыныс ұялатты. Сонымен бірге, «Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін» деді Президент.

Жолдауда айтылған елімізде ашылатын жаңа аймақтардың – «Жаңа Қазақстан» жасауда маңызы зор деп білеміз. Тағы бір ерекше көңіл бөлгені – ұлттық құрылтай құруды ұсынды. «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды ұлттық құрылтай құруды ұсынамын. Жаңа құрылым ұлттық кеңестің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастырады» деп баса айтып өтті. Ұлттық құндылықты, жастарға отансүйгіштікті насихаттайтын өкіл ретінде, біздің кітапханашылар Жолдаудан ерекше қолдау алды. ­Президентіміздің бастамаларын алға тарта отырып, бабадан қалған ел мен жерге бас болатын ұрпақ өсіруде бар күш-жігерімізді салуға шақырамын. «Жаңа Қазақстан» құруға әр қазақстандық атсалысуы тиіс!

Гүлбадан МАДИБАЕВА,

Нұр-Сұлтан қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button