Жаңалықтар

Жаңа такси қызметі

Қазақстанда алғаш рет елордада 4 қыркүйектен бастап Bolt компаниясы такси қызметін іске қосты.

Компания 2013 жылы Таллинде құрылған. Бүгінде ол әлемнің 30 елінде жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. Оның қызмет көрсету жүйесіне 25 млн клиент қосылған, сондай-ақ 500 мыңнан астам жүргізуші тіркелген.
«Bolt компаниясы Еуропадағы ірі көлік платформаларының бірі болып саналады. Біздің мақсатымыз – қалада неғұрылым сенімді, пайдалануы қарапайым әрі қолайлы қозғалыс құралын құру. Нұр-Сұлтан қаласы – Bolt сервистік қызметін көрсетуді бастаған Қазақстандағы алғашқы шаһар. Біздің болашақ жоспарларымыз үлкен» деді Bolt компаниясының даму жөніндегі директоры Евгений Белоусов.
Қазіргі күні компанияның қызмет көрсету сервисіне бас қалада 10 мыңнан астам жүргізуші тіркеліп үлгерген. Компанияның негізгі ерекшелігі ретінде жүргізушілерге 12% комиссиямен берілетін жеңілдік шарттарын айтуға болады. Ал басқа тасымалдаушыларда ол
18%-дан кем емес.
Е. Белоусовтың айтуынша, компания еуропалық үлгіде қызмет көрсетеді. Яғни клиенттерге өте құрметпен қарайды. Сондай-ақ сапа, қауіпсіздік мәселелері тұрғысында автопарктермен тығыз жұмыс істейді.
Платформаға қосылу үшін жүргізушілер сайтта анкета толтыруы және автомобильдің деректерін көрсетуі тиіс. Компания 2000 жылдан, кейбір маркалар үшін 2010 жылдан ерте шығарылған көліктерді қабылдамайды.
«Bolt – ғаламдық компания, бірақ біз әр өңірдің жергілікті ерекшеліктеріне назар аударамыз. Сондықтан қай елде болса да жергілікті команда қызмет етеді. Біз Қазақстанда операциялармен, қолдау көрсету қызметімен айналысатын 13 адамнан құралған команда құрдық» деді Евгений Белоусов.
Bolt қосымшасы Google Play және App Store алаңдарында берілген. Тұтынушы қосымшаны өзіне жүктеп алып, телефоны арқылы тіркелсе жеткілікті. Тіркелген жолаушыларға бірінші күннен бастап 50% жеңілдік бар. Бонустық жүйе жүргізушілер үшін де қарастырылған. Белсенді жүргізушілердің комиссия жүктемесі анағұрлым жеңілдейді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button