Елорда тынысы

Жаңа технология өндіріске енгізілді

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ядролық технологиялар паркі» АҚ ғалымдары жаңа өнертабысын патенттеп, оны өндіріске енгізді.

Әмбебап радиациялық тігілген гидрогель топырақтағы ылғал жетіспеушілігі мәселесін шешумен қатар, ауылшаруа­шылық дақылдардың өнімділігін арттырады және топырақтың аэрациясын химиялық ластану қаупіне жол бермейді. Яғни ғалымдар агроөнеркәсіп саласына арналған бірегей гидрогель жасады.

Жаңа препарат ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымын 2 есеге, өнімділігін орта есеппен төрттен бір есеге арттырады. Гидрогельді апробациялау жұмыстары Ақмола облысының аумағындағы егістіктерде жүргізілді. Сынақтардың нәтижесі әмбебап препараттың топырақ ылғалын сақтауға, өнімді өсімдіктерді қалыптастыруға, тыңайтқыштар көлемін азайтуға және өнімділікті арттыруға көмектесетінін көрсетті.

Ғалымдар жаңа технологияны коммерцияландырды және өндіріске енгізді. Өткен жылы жеке серіктеспен гидрогельдерді өндіру және сатумен айналысатын бірлескен «BetaSorb» кәсіпорны құрылды. 2023 жылы 500 тонна гидрогельді нарыққа ұсыну жоспарланып отыр.

Ғалымдардың инновациялық препаратты құру идеясы радиациялық тігу әдісіне негізделді. Өңдеудің мұндай түрі гидрогельдің стерильдігін және тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мұздату мен жібітудің бірнеше циклдары кезінде оның қасиеттерін сақтауға жол ашады. Препарат пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін ыдырайды, сонымен қатар ол тыңайтқыштың әсерін арттыру мүмкіндігіне ие.

Ғалымдардың бұл жобасы Азиядағы Ядролық ынтымақтастық форумында (FNCA) ұсынылды және FNCA жыл сыйлығымен марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button