Қала мен Сала

Көпірде күрделі жөндеу басталды

Астананың үлкен айналма жолының оңтүстік-батыс бағытында теміржол арқылы өтетін апатты өткелде күрделі жөндеу жұмысы басталды.

«Республикалық маңыздағы Р-10 «Астана қаласының үлкен айналма жолының» төртінші шақырымында теміржолдың үстінен өтетін апатты жағдайдағы көпір өткелінде күрделі жөндеу жұмысы басталды. Күрделі жөндеу жұмысы барысында жалпы ұзындығы 140 метрді құрайтын өткелдің аралық құрылымдары мен барлық тірек бөліктері және т. б. бөлшектеледі, содан кейін мамандар бұрғылау қадаларын құю, тірек бөліктері мен арқалықтарды монтаждау бойынша жұмыстарға кіріседі» деп жазылған хабарламада.

Көпір өткелінің құрылыс жобасы аясында соңғы бірнеше жылда тіркелген жоғары қозғалыс қарқыны ескерілді. Бұл көрсеткіш тәулігіне 15 мыңнан астам көлікті құрап отыр.

Мамандардың мәлімдеуінше, күрделі жөндеу жұмысы екі ауысымда жүруде, 30 арнайы техника мен 70-ке жуық маман жұмылдырылды.

Көпір өткеліндегі күрделі жөндеу жұмысы Р-10 трассасының өткізу қабілетін арттырып қана қоймай, болашақта көліктер мен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де септігін тигізеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button