Жаңалықтар

«Жанұя» 36 мың адамға жәрдемдесті

Елордада былтыр ашылған «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы қаладағы отбасыларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Ашылған күннен бастап орталыққа 64 636 сұрақ бойынша 36 169 адам хабарласқан. Сол адамдар тарапынан айтылған 53 595 мәселеге қатысты жүйелі кеңестер берілсе, 11 041 мәселені шешуге шаралар қабылданыпты.

Орталық мамандарының мәлімдеуінше, өтініш білдіргендердің 60%-ы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (35 175), 8%-ы тұрғын үй (5 051), 5%-ы кәсіпкерлік (2 652), 4%-ы заң көмегі (2044), 4% -ы жұмыспен қамту және басқа да сұрақтарды көтерген. Мәселелердің басым көпшілігін шешуге шаралар қабылданды. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар дайындалып, Бірыңғай жинақтау қорының қызметтері мен тұрғын үй мәселелеріне, жұмысқа орналасуға қатысты және құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді біріктіретін және оларды «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынатын орталық мамандары әр отбасымен жеке жұмыс жүргізеді. Ашық алаңда елорда тұрғындарына денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті бастау бойынша жүйелі кеңестер мен көмек көрсетіледі. Орталық Бейбітшілік көшесі, 14-үй мекенжайында орналасқан.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button