ЖаңалықтарҚала мен Сала

«ЖАНЫМ» СҮТІ – ЖАҢА БРЕНД

сүт жаным

Бірер күнде елорда дүкендерінің сөрелеріне «Жаным» деген жанға жақын атауды иеленген сүт сатылымға түсе бастайды.

Нақтылай айтсақ, «ҚазАгро» холдингінің қолдауымен «Астана-Боттлерс» сүт пен шырын дайын­дау және құю бойынша техно­логиялық желісі өз жұмысын қайта жандандырды. Зауыт 2007 жылы ашылып, қаржының қат­тығына байланысты тұралап қалған болатын. Астана маңындағы азық-түлік белдеуін қалыптастыру ба­ғы­тындағы маңызды жобаны жолға салу енді мүмкін болып отыр.

«ҚазАгро» ҰБХ басшысы Дулат Айтжановтың айтуынша, зауыт табиғи таза сүт пен құрғақ сүтті өңдейтін германиялық, австриялық, италиялық тенхологиямен жабдықталған. Бастапқы кезеңде өнімді құрғақ сүттен өңдіреді, алайда көп ұзамай хол­дингтің көмегімен 500 бас ірі қара малға арналған тауарлы-сүт фермасы құрылады.

Зауыттың қуаттылығы – тәулігіне 100 тонна. Бүгінгі шығарылып жатқан өнім елорданың сауда желі­лерімен қатар, Атырау, Маң­ғыс­тау өңірлеріне жөнелтілмек. Мұнымен қоса, зауытта алдағы уақытта «Балапан» сауда маркасымен шырын және шырынды балалар тағамын өндіру жоспарланып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button