SportЖаңалықтар

ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАНА БЕРСІН, ДИНАРА!

Динара_СадуакасоваИспанияда өткен «Open Internacional Villa de Benasque» халықаралық турнирінде астаналық шахматшы Динара Садуақасова екі мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.

Халықаралық шахмат федерациясы аясында биыл 34-ші рет өткен айтулы жарысқа 38 елден 37 халықаралық гроссмейстер және 33 халықаралық шебер сынға түскен. Осындай байрақты бәсекенің екі бірдей сайысында бақ сынаған астаналық Динара Садуақасова қос бәйгенің де жүлдесін қанжығасына байлап қайтты. Атап айтқанда, әйелдер және жасөспірім қыздар арасында топ жарды.

Турнир барысында он жеті жасар қазақ қызы әлемге танылып қалған бірнеше халықаралық гроссмейстерлермен керемет ойын көрсетті. Мәселен, чехиялық В.Шансаны айқын басымдылықпен тізе бүктірсе, үндістандық Г.Гопалмен, қытайлық Лей Теджимен және испандық Д.Форсенмен тең түсті. Ал, жасөспірімдер арасындағы сында барлық қарсыластарынан басым болды.

Осылайша, Астанадағы Х.Омаров атындағы шахмат клубының шәкірті, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Динара Садуақасова тағы бір мәрте Қазақстан шахматының қарқынды даму динамикасын төрткүл дүниеге айшықтап көрсеткендей болды. Біз өз тарапымыздан «жеңісті күндерің үзілмесін, жұлдызың жана берсін, Динара чемпион» демекпіз.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button