Елорда тынысы

Жол-көлік мәселесі талқыланды

Бүгінгі таңда астаналықтардың қала ішінде қатынауы үшін 6 автобус паркі қызмет көрсетіп жатыр. Күн сайын елорда көшелерінде 868 автобус жүреді. Бұл жөнінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ержан Диханбаев мәлімдеді.

Қоғамдық кеңестің бұл жолғы отырысы туған күн иелерін төл мерекелерімен құттықтаудан басталды. Қалалық Қоғамдық кеңестің мүшелері атынан кеңестің төрағасы З.Гаипов әріптес­тері Аяжан Утеуованы 35 жасқа толуымен және ­Дәулетхан Есімовты асқаралы 60 жасымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Қаладағы автобустардың жұмысын жақсарту, көше-жол желісін және тұрақ инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланған отырыс барысында Ержан Диханбаев көше-жол желісін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, баяндамашы Астанада жолаушылардың тең жартысы жолақысын төлемей жүретінін атап өтті. Одан соң елордада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары бекітілді.

Отырыс барысында ­Қазақстан Республикасы астанасының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтерді ұсыну қағидалары, Астана қаласында Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың тізбесі, сондай-ақ мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілді.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button