Қала мен Сала

Жолдама кімдерге беріледі?

Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеудің қағидаларына сәйкес, санаторлық-курорттық емделу түрінде әлеуметтік көмек көзделген.

[smartslider3 slider=2023]

 Мұндай әлеуметтік көмекті кімдер ала алады?

– мүгедек балаларды және жеке оңалту бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген бірінші топтағы мүгедектерді (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертіккен немесе ауруға шалдыққан мүгедектерді қоспағанда) алып жүруші адамдарға санаторлық-курорттық емдеу шығындарының орнын толтыру түрінде әлеуметтік көмек ұсынылады.

Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші санаторлық-курорттық емдеуден кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей келесі құжаттарды қоса бере отырып, әкімшіге өтініш беруі керек:

1) жеке басты куәландыратын құжат;

2) шот-фактура немесе фискалды чек;

3) атқарылған жұмыстар актісі;

4) екінші деңгейдегі банктегі немесе «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы ақпарат.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Санаторлық-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу түріндегі әлеуметтік көмек санаторлық-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымда болған кезеңге нақты шығындар мөлшерінде көрсетілген азаматтардың қатарынан бір адамға, бірақ 35 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі.

Осы әлеуметтік көмекті көрсетуге қатысты сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 мекенжайында орналасқан басқармаға хабарласуға болады. тел.: +77785014172.

Алматы ауданының тұрғындары үшін: 87056450638, 55-68-22;

Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін: 87056450653, 55-68-45;

Есіл ауданының тұрғындары үшін: 87056450671, 55-68-34;

Байқоңыр ауданының тұрғындары үшін: 87056450692, 55-68-45.

 Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button