Елорда тынысы

Үй кезегіне үйде отырып тіркелесіз

Бұдан былай тұрғын үйге кезекке тұру үшін құжаттарды да egov.kz порталы арқылы электронды түрде ЭЦҚ көмегімен жүктеп өткізеді.

[smartslider3 slider=2022]

Осыған дейін тұрғын үй кезегіне қою туралы өтінімді «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталықтары) қабылдайтын еді. Еgov.kz порталы арқылы кезекке тұру көп жеңілдетілген әрі ЭЦҚ арқылы кірген адамның кірістері, адрестік тіркеуі, қандай санатқа жататыны туралы мәліметтің бәрі өздігінен шығып тұрады.  Баспана кезегіне өтінім беруші өзі тұрған қалада кем дегенде үш жыл тұрақты тіркеуі болуы шарт. Одан бөлек, өтініш берген адамның және оның отбасы мүшелерінің кезекке тұрған сәтте және соңғы 5 жылда ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үй мүлкі болмауы тиіс.

Тұрғын үй кезегіне мына санаттағы азаматтар құжаттарын өткізе алады. Бұлар: екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектері мен қатысушылары; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; халықтың әлеуметтік осал топтары; көпбалалы отбасылар; мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.

Сонымен бірге халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын яғни, екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;  кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар: жасына байланысты зейнеткерлер; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; көпбалалы отбасылар; толық емес отбасылар; I және II топтағы мүгедектер; қандастар; экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар; Мемлекеттік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button