Жолдау

Жолдауға – қолдау

 ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ  – ОРТАҚ МІНДЕТ

Тынысбек КӘКІМБЕКҰЛЫ,
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары:

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы заман талабына сай тиімді мемлекет құруға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қарқынды және инклюзивті экономиканы құруға, әлеуметтік модернизацияны жүзеге асыруға, сондай-ақ қуатты аймақтарды құрастыруға бағытталған басты құжат болып саналады.Жолдауда жалпы білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау, коммуналдық қызмет көрсету, инфрақұрылымды дамыту, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетім­ділігін қамтамасыз ету секілді өмір сүру деңгейінің басты көрсеткіштеріне ерекше назар аударылған.
Президент атап өткендей, мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау­да. Алматы ауданы әкімдігінде әлеуметтік мәселелерді шешу барысында көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бастап 1000 астам аз қамтылған көпбалалы отбасылар азық-түлік жиынтығымен, «Нұр әлем» қоғамдық қоры арқылы 500-ден астам аз қамтылған отбасы киіммен қамтамасыз етілді, сондай-ақ жағдайы төмен отбасынан шыққан 52 бала тегін түрде жеке меншік балабақшаларға орналас­тырылды.
Халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде 250 бала «Жерұйық» саябағына, Астана күнін мерекелеу шеңберінде 600 бала «Жастар» және «Жерұйық» саябақтарында ұйымдастырылған ме­рекелік іс-шараларға тегін шақырылды. Аталған іс-шаралар жазғы маусымда тұрақты түрде ұйымдас­тырылды.
Сонымен қатар балаларға рухани тәрбие алу мүмкіндігін беру мақсатында 400 көпбалалы отбасы ҚР Ұлттық музейін аралады. Қайырымдылық негізде көпбалалы отбасынан шыққан 60 бала Астаналық циркте өткізілген іс-шараларды тамашалады.
Ағымдағы жылы көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасылардан шыққан 100 бала «Сүндет-2019» акция­сына қатысты.
Аудандағы білім беру мекемелерінде жалпыға міндетті оқу қоры аясында атаулы әлеу­меттік көмек алатын отбасы балаларына, жетім және ата-­анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетілді. Бағдарлама шеңберінде 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен, қажетті кеңсе тауарларымен, мектеп және спорт формасымен, жылы киіммен, соның ішінде қысқы киіммен қамтамасыз етіледі. Республикалық «Мектепке жол» акциясы шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек алмайтын және «Жалпыға міндетті оқу қорына» өтпеген көпбалалы аз қамтылған отбасынан шыққан 1000-ға жуық бала кеңсе жабдықтарымен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ Алматы ауданында инфрақұрылымды дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Ағымдағы жылы 87 аула абаттандырылды, оның ішінде 37 аула жоспар бойынша абаттандырылса, ал 42-іне жөндеу-­қалпына келтіру жұмыс­тары жүргізілді.
Атқарылған жұмыс барысында 22 балалар ойын алаңдарында 200-ден астам шағын сәулет нысандары, 42 көше тренажерлары орнатылып, 4 workout алаңдары, 6 футбол алаңы жайластырылып, 25 спорт алаңы жөнделді, 7000 шаршы метр асфальт төсеу, оның ішінде 6000 шаршы метр шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жастар», «Жерұйық» және «Президенттік» саябақтарында абаттандыру жұмыстары іске асырылып, Есіл өзені жағалауы бойындағы саябақта атқарылуда. Осының барлығы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудың бас­ты бағыттарының жолдары болғандықтан, аталған жұмыс­тар жалғасын табуда.
Әрбір азаматқа зор сенім артқан Жолдауды бәріміз бірігіп іске асырып, зор жетістікке бірге жетейік!

ҚУАТТЫ ЕЛ БОЛУҒА ҮНДЕЙДІ

Ерлан ЖАУЛЫБАЕВ,
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы, қарқынды және инклюзивті экономиканы дамыта отырып, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңін қалыптастыратын қуатты ел болу бағыты айқын көрсетілген. Бұл жолдаудың әрбір қазақстандық үшін маңызы зор. Сондықтан да оны әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелерін шешудегі бағдарламалық құжат деп айтуға болады. Әлеуметтік сала бойынша алдымызда шешуін күтіп тұрған біраз проблемалар бар. Кейде тұрғындар соны дер кезінде іске асуы үшін Мемлекет басшысына талап-тілегін жеткізгісі келеді. Осыған байланысты Президент әкімшілігі мемлекеттік мекемелерден азаматтардың өтініштерін қарау деңгейінің сапасын бақылайтын бөлім ашты. Бұл біздің жұмысымызға оң серпін берді. Енді халықты мазалаған мәселелер бір­тіндеп шешіледі деп ойлаймыз.
Жолдауда ел бюджеті екі негізгі мақсат – экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттауды тиянақты саралаған. Ол үш жоспарланған тиімді бағдарламалар халық арасында қолдауын табуда. Оның дәлелі ретінде Байқоңыр ауданы аумағындағы білім мекемелерінде, өндіріс орындарында Президент жолдауы талқыланып, жұртшылыққа барынша түсіндірілді.
Әлемдегі түрлі экономикалық дағдарысқа қарамастан, мемлекетіміздің әлеуметтік салаға, әсіресе халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған саясаты дұрыс жолға қойылған. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Жолдауда қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналуы керектігін баса айтты. Сонымен қатар ұстаздар қауымы асыға тосып жүрген «Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылдануы – білім саласына кең жол ашады деп сенемін.
Алдағы жылы ұлтымыздың ұлылары әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде атап өтуге мән беріліп отыр. Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығы тойланады.
Президент осындай ауқымды мәдени шара барысында ысырапшылдыққа жол бермей, тұлғаларымыздың өмір жолы мен еңбектерін халық арасында насихаттап, жас ұрпақтың бойына сіңіру туралы парасатты ой қозғады. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жастарды нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады деген сенімдеміз.

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – БҰЛ АЛҒА ҚАДАМ БАСУ

Әйгерім ТӨЛЕТОВА,
Көз аурулары ҒЗИ Нұр-Сұлтан қалалық
филиалының директоры, жоғары санатты офтальмолог-хирург:

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында арнайы тоқ­талып, мемлекет тарапынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақталатынын, оны қаржыландыруға келесі үш жыл ішінде 2,8 трлн астам теңге бағытталатынын айт­қан болатын.Медициналық сақтанды­ру қоры – тегін медици­на­лық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы. Қор халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.
Қазақ көз аурулары ҒЗИ Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы 2010 жылдан бас­тап, тегін медициналық ке­­піл­дендірілген көмек көлемінде (ТМККК) елордамыз бен солтүстік аймақтарды жоғары мамандандырылған офтальмологиялық көмекпен қамтамасыз етеді. Бүгінде филиалда ересектер мен балалар арасындағы түрлі көз ауруларын тексеріп-анықтауда және емдеуде әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи құрал-жабдықтары пайдаланылады. Көз дәрігерлері (хирургтар) күрделілігі жағынан сан түрлі мыңдаған операциялар жасайды.Медициналық сақтандыру жүйесі медициналық көмектің халыққа қолже­тімділігін арттырады деген сенімдемін. Қандай болмасын жоспарлы медициналық көмек кезегі – бұл әлемдік қарапайым тәжірибе. Мұндай кезек біз де бар, мысалы, витреоретинальды хирургия кезегі. МӘМС аясында қаржыландырудың көбеюі медициналық қызмет сапасын арттырып қана қоймай, витреоретинальды хирургия секілді қымбат тұратын жоғары технология­лық медициналық қызметтердің кеңінен енгізілуіне, қымбат тұратын диагностикалық ем-шаралардың қолжетімді болуына мүмкіндік береді деп үміттенеміз және солай болатынына сенеміз.
Еліміз тұрғындарының өз денсаулығына деген көзқарасы өзгеріп, ақпарат алу деңгейі артып келеді. Медициналық сақтандыру – бұл алға қадам басу.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button