Жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСУДА

d2698ca9c0424715bec24724f98a8d78

Биыл 322 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

«Президенттің Үкімет алдына қойып отырған ең басты міндеті – экономикалық өсу қарқынын сақтау, азаматтардың әл-ауқатын жоғарылату және жаңа жұмыс орындарын құру жолымен жұ­мыспен қамтамасыз ету», – деді Б.Сапарбаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 191 мың адам жұмыспен қамтылды. Ол – берілген тапсыр­маның 67 пайызы. Сонымен қатар, 2,2 млн адамның жалақысы мен жұмыс орнын сақтау жөніндегі 66 мыңнан аса меморандумға қол қойылған.
«Әлемдегі экономикалық дағ­дарысқа қарамастан мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап отыр. Ағымдағы жылы халықтың осал тобына 11 млрд теңге көлемінде көмек көрсетіледі», – деді ол.

Күнайым СӘКЕН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button