Ел тынысы

Жұмыспен қамту жайы талқыланды

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-де өткен жұма күні басқарма басшысының орынбасары Е. Мәліктің төрағалығымен жиын өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Онда жеке көмекшілермен және жеке көмекші қызметтерін көрсететін жеткізушілермен жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында қызықтыратын сұрақтарына жауаптар беріліп, жеке көмекші ретінде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, басқармада осы күні Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияның күн тәртібінде жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу орындарында және жұмыс орындарында 2024 жылы жұмыссыздарды кәсіптік оқыту ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін, біліктілігін (дағдыларын), жіберілетін жұмыссыздардың санын, оқыту ұзақтығын және құнын көрсете отырып бекіту туралы мәселе қаралып, шешім қабылданды.

Биыл 210 жұмыссыз азамат, оның ішінде оқу ұйымдарында жұмыс берушілердің сұрауы бойынша 150 адам және жұмыс берушінің жұмыс орнында 60 адам кәсіптік оқытуға жолданады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button