Жаңалықтар

Жылу беру маусымы басталды

Кеше елордада ресми түрде жылу маусымы басталды. Қаладағы көпқабатты үйлер жылуға қосылды.

Бұл үдеріс бірнеше күнге созылады. Бүгінге дейін өтініш бойынша жылу жабдығына әлеуметтік, мәдени, тұр­мыс­тық 127 нысан қосылып үлгерді. Жылу 18 денсаулық сақтау нысанына, 72 бала­бақшаға, 16 мектепке, 11 оқу орнына, 3 мәде­ни нысанға берілді. Көмір бойынша отын қоры 332 606 тоннаны құрайды, оның ішінде ЖЭО-1 – 50 679 тонна, ЖЭО-2 – 281 927 тонна. Мазут бойынша – 5 770 тонна, оның ішінде ЖЭО-1 – 3 203 тонна (қосымша резерв – 5 382 тонна) және ЖЭО-2 – 2 567 тонна.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button