Әлеумет

Мүсіркеме, мүмкіндік бер!

Бүгінгі қоғамның мүгедектерге деген көзқарасы өзгеріп, мейірімі артып келеді. Бас қаламызда барлық әлеуметтік нысандардың арбалы адамға ыңғайлы болуы үшін пандустар орнатып, арнайы «инватакси» шығарып, түрлі үкіметтік емес ұйымдар оларды қамқорына алып, мүмкіндігі шектеулі жандардың оқшау өміріне өзгеріс әкеле бастады. Ізгілікке бет бұрған қоғам осы санаттағы туа бітті кемдігі бар сәбилерді «ерекше балалар» деп атауға шақырып, олардың мүгедектігін бетіне басудың қажеті жоғын айтты. Оларды өз қатарынан қалдырмай, ортаға тартып, оңалту орталықтарын аша бастады.

Бұрындары бар-жоғы білінбейтін, қоғам өмірінен сырттап қалған мүмкіндігі шек­теу­лі жандардың өмірінде ғана емес, «мүгедектік» ұғымға да түзету енгізіп, басқаша қабылдай бастадық. Мүгедектер халықтың осал топтарына жатқызылғанмен, тең мүмкіндіктер берген соң қоғам өміріне белсене араласа бастады. Ең бастысы, олардың өмірден алатыны барын, қоғамға да беретіні барын дәлелдеді. Расында да, кеше ғана аттай шауып жүрген адам тағдырдың талқысымен бір сәтте кісіге пенде болып қалуы әбден мүмкін. Рухы биік  жандарға қандай жағдай болса да өмір бір орнында тоқтап қалмайды ғой. Осы жерде ерекше «қамқорлықтың» жаңа сипаты шығады. Қалыпты өмірінің бұрмалаң тұсында олардың «аяғынан тұрып», олардың қалыпты әлеуметтік-экономикалық құрылымдарға бейімделуіне жағдай жасау арқылы өзін-өзі қамтамасыз етуге бастайтын бағдарламалар қажеттігі аз айтылып жүрген жоқ. Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктер жасау – қоғам алдындағы міндеттің бірі болып келеді.

Дегенмен, мамандардың айтуынша, мүгедектердің басым көпшілігі, яғни  жетпіс пайыздан астамы халықтың бай-қуаттылық сегменттері бойынша қарастырылғанда, кедейлер тобын құрайды. Бұл кедейліктің себебі де салдары да «мүгедектік» болып отыр. Демек, кедейшілікпен күрес мүгедектіктің әлеуметтік мәселесін шешу, оларға барынша жағдай жасап, алға тарту арқылы қатар жүрмек.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 696,8 мың мүгедек немесе жалпы халықтың 7,5%-ын құрайды, оның ішінде 419 мың еңбек жасындағы адам, 2021 жылы барлығы 104 мың адам жұмыспен қамтылды. Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктер жасау – қоғам алдындағы міндеттің бірі болып табылады

Оны бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік оңалту деп жүрміз. Әр елдің осы бағыттағы тәжірибесін талқылап көрсек, өзіндік тарихы барына көзіміз жетеді.

Көптеген елдердің заңнамасы олардың өнеркәсіптік даму деңгейінің айырмашылығына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай бейімделеді.  Олардың негізгі құқықтарын тану, кемсітушілікке жол бермеу және адамның қандай да болмасын қадір-қасиетін құрметтеу принциптері қаралды.

Ең бастысы, мүгедектердің барлық адам құқықтарын тең негізде толық жүзеге асыруына жәрдемдесу, қорғау және қамтамасыз ету осы негізде қабылданған әлемдік құжаттардың басты ұранына айналды. Атап айтқанда,  қоғам игілігіне қолжетімділік, кедергісіз орта, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, оңалту, қоғамның саяси өміріне белсене қатыстыру, айта берсек, теңдік пен бостандық секілді қасиетті ұғымдар жанай өтуге тиіс емес.

Мұндай теңдікке біздің қоғамымыз да ұмтылуда. Алайда ұзап кеткен  әлемдік көшке ілесе ала ма?

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 696,8 мың мүгедек немесе жалпы халықтың 7,5%-ын құрайды, оның ішінде 419 мың еңбек жасындағы адам, 2021 жылы барлығы 104 мың адам жұмыспен қамтылды.

Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша заңнамаларға сәйкес мынадай құқықтары бар:

– әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу;

– әлеуметтік инфра­құрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу;

– ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу;

– білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты;

– Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу;

– кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу;

– Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу;

– мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі;

– мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау.

Сонымен қатар, осы заңның негізінде тиісті мемлекеттік органдар мен құрылыс компания­лары арбамен жүретін адамдардың оларға қолжетімділігін жеңілдету үшін жаңа ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу және қолданыстағыларды жөндеу кезінде мүгедектердің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Қоғамдық көлікті басқару органдары өз қызметтерін көрсету кезінде мүгедектерді кемсітуге болмайды. Мүгедектердің мініп-түсуіне қолайлы жағдай жасау немесе қарапайым қоғамдық көлік түрлерін өз бетімен пайдалана алмайтын мүгедектерге арнайы көлікпен қамтамасыз ету көзделген.

«Мүгедектерді жұмыспен қамту туралы» жеке заң жұмыспен қамту мәселелерін реттейді және мүгедектерді жұмысқа орналастыру, жоғарылату, кәсіптік оқыту және еңбекақы төлеу кезінде кемсітуге тыйым салады. Мүгедектерге күтім жасаудың америкалық моделінің жетістігі – әлеуметтік қызмет көрсету секторының қызметін заңнамалық реттеу­де ғана емес, сонымен қатар белгілі бір физикалық кемістігі бар адамдардың өзін толық сезіне алуын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамның өзінің бастамаларында жатыр. Мүмкіндігінше қоғамның толық және интеграцияланған бөлігі болып табылады.

Бүгінгі күні Америка Құрама Штаттарында мүгедектердің құқықтарын қорғайтын негізгі құқықтық акт – еңбек қатынас­тарында, мемлекеттік органдарда, қоғамдық орындарда, мүгедектерді кемсітуге тыйым салатын жоғарыда аталған «Мүгедектігі бар американдықтар туралы» заң. Заң барлық деңгейдегі үкіметтерге мүгедектердің «әртүрлі іс-шаралардың, бағдарламалардың және қызметтердің артықшылықтарына тең қол жеткізуін» қамтамасыз етуге бағыттайды. Бұған халыққа білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтерді пайдалану, соттарда, сайлау учаскелері мен қалалық жиналыстарда болу кіреді. Заң «мүгедектерге қатысты кемсітушілікті болдыр­мау үшін саясатқа, тәжірибеге және процедураларға ақылға қонымды өзгерістер енгізуді» талап етеді.

Осының ықпалында елдегі құрылыс компаниялары арбамен жүретін адамдардың оларға қолжетімділігін жеңілдету мүгедектердің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Қоғамдық көлікті басқару органдары өз қызметтерін көрсету кезінде мүгедек-жолаушылардың көлікке мініп-түсуіне қолайлы жағдай жасап, бәрін ортақ қоғамдық көлік түрлерін өз бетімен пайдалана алмайтын мүгедектерге арнайы көлікпен қамтамасыз ету көзделген. Заң негізінде оларды жұмыспен қамту мәселелерін реттейді және мүгедектерді жұмысқа орналастыру, қызметіне қарай жоғарылату, кәсіптік оқыту және еңбекақы төлеу кезінде кемсітуге тыйым салады. Мүгедектерге күтім жасаудың америкалық моделінің жетістігі әлеуметтік қызмет көрсету секторының қызметін заңнамалық реттеуде ғана емес, сонымен қатар белгілі бір физикалық кемістігі бар адамдардың өзін толық сезіне алуын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамның өзінің бастамаларында жатыр. Қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне оларға барынша жағдай жасалған.

Әрбір ел өзінің ерекшеліктерін ескере отырып, әлеу­меттік оңалтудың өзіндік моделін қалыптастыруда. БҰҰ мәліметтері бойынша әлемде мүгедектер саны бір ­миллиар­д­­тан асып отыр.

 

 

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button