Елорда тынысы

«Бәйтерек» түбінде ән салды

Биыл 7 мамыр күні елорданың ашық алаңдары мен саябақтарында Отан қорғаушылар күніне орай концерттер өтті. Онда эстрада әртістері мен қаланың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Мерекенің негізгі орны, әдеттегідей, «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаң болды. Мұнда «Отаным – аманатым» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Концерттің негізгі мақсаты – жастарды патриотизмге баулу, белсенді азаматтық ұстанымды насихаттау, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында рухани-­адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарды тәрбиелеу. Сахнада Qanay, «Заман» тобы, Дос, Ayree, Еркеш Хасен, Ғаділбек Жанай, Ибрагим Ескендір және өзге де отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Шақырылғандардың қатарында ҚР айрықша мақсаттағы күштердің мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздары, ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және орталық әскери үрлемелі оркестрдің өкілдері болды.

Концерт Студенттік саябақта да жалғасты. Мәдени-бұқаралық іс-шара елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтті. Мұнда талантты студенттер өнер көрсетіп, көрермендерге өз шығармашылығын ұсынды. Сондай-ақ түрлі ойындар, конкурстар өткізілді. Мерекелік концерттер Оpen Air халықаралық ЭКСПО көрмесінің аумағында да өтті. Оны Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры ұйымдастырды.

Сонымен қатар Үркер елді мекенінде Отан қорғаушылар күніне арналған концерт өтті. Іс-шараға елордалық Ұлттық гвардия жедел бригадасы әскери оркестрінің тұрғын алабында орналасқан сарбаздары да қатыс­ты. Концерттік бағдарламадан басқа, мұнда дала асханасы ұйымдастырылды, онда қонақтарға әскерді еске салатын арнайы әзірленген ботқа берілді. Оқушылар да мерекені ұйым­дастыруға өз үлесін қосты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button