Мәселе

Ардагерлер мен жастар кездесті

Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету арқылы жастардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру – басты міндет. Отаншылдық ­тәрбиеде әсіресе Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, жеңіске үлес қосқан әке-аталардың рөлі айрықша.

Осы мақсатта Жеңістің 78 жылдығына орай елордадағы кәсіптік-техникалық колледжде «Жастарға патриоттық тәрбие беру» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.

Есіл ауданы жастарына патриоттық тәрбие беру жөніндегі комиссия ұйымдастырған іс-шараға қатысушылар арасында ауған соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері Салман Героев, Рысты Атығаева, Талғат Солтыбаев, Рафаил Аблаков және колледж студенттері болды.

Кездесуге келген жасөспі­рімдер ардагерлердің ғибратты да қызықты әңгімелерін ықыласпен тыңдады. Жиында сондай-ақ мерекелік концерт ұйымдастырылып, ардагерлерге сый-сияпат табысталды. Аға ұрпақ өкілдері ақыл-кеңесін айтты. Сондай-ақ патриоттық тақырыпта сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылды.

Ең бастысы, ардагерлер мен жасөспірімдердің кездесуінде отандық патриотизмнің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқаны аңғарылды.

Жастарға патриоттық тәрбие беру ісіндегі жетекші рөл Астана қаласының ардагерлер ұйымдарына тиесілі. Ұйым жастардың рухани құндылықтарын қалыптастыруға, мәдени-тарихи дәстүрлер мен ұрпақтар арасындағы сабақ­тастықты сақтауға бағытталған үлкен жұмыс жүргізуде.

Өрік ИМАНҒОЖИНА,

Есіл ауданының еңбек ардагері

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button