Құқық

Киберқылмыс көбеймесін десек…

Қазіргі таңда біздің өміріміз ақпараттық-компьютерлік технологиялармен және интернетпен тығыз байланысты. Адамдар компьютерлерді әртүрлі мақсатта – жүйелік және қолданбалы бағдарламалық жасақтамалармен жұмыс істеу, электронды поштамен хат алысу және интернеттен әртүрлі ақпараттарды алумен қатар, банк ісін жүргізу, инвестицияларды басқару, өнімдер сатып алуға дейін қолданады. Бірақ та ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы өркениетті қоғамды қалыптастыруға септігін тигізіп қана қоймай, өкінішке қарай, жаңа қауіп-қатерлердің тууына қолайлы жағдай жасайтыны құпия емес.

Киберқылмыскердің негізгі мақсаты – әртүрлі үдерістерді басқаратын компьютерлік жүйе және онда таралатын ақпаратты иелену. Шынайы өмірдегі қарапайым қылмыс­керге қарағанда киберқылмыскер пышақ пен тапанша секілді қаруды қолданбайды. Оның арсеналы – ақпараттық қару, желіге ену, бағдарламалық жасақтаманы бұзу және модификациялау, ақпаратты рұқсатсыз алу және компьютерлік жүйенің жұмысын уақытша тоқтатуға қол жеткізу.

Қазіргі кезде қоғамды дендеп бара жатқан, оңай жолмен ақша табудың терминологиялық түсіндірмелеріне тоқталар болсақ, кибернетика сөзі көне гректің «басқару өнері» сөзінен кейін ағылшын терминіне көшкен «cybernetics», яғни басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде танылды

Қазіргі кезде қоғамды дендеп бара жатқан, оңай жолмен ақша табудың терминологиялық түсіндірмелеріне тоқталар болсақ, кибернетика сөзі көне гректің «басқару өнері» сөзінен кейін ағылшын терминіне көшкен «cybernetics», яғни басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде танылды. Компьютерлік қылмыстарды ресейлік ғалымдар 3 түрге бөлді. Бірінші, ақпаратқа, ақпараттық желіге құқыққа сыйымсыз қол жеткізу. Бұл біздің Қылмыстық кодекстің 2014 жылғы редакциясында 205-бапта қамтылған; Екінші, зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану мен тарату (ҚР ҚК-нің 210-бабы); Үшінші, ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу (ҚР ҚК-нің 207-бабы). «Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлықтың 4.5) тармағында Президент жалпы құқық жүйесіне тән кейбір институттарды ойланып, абайлап енгізе отырып, қазақстандық құқықтың бәсекеге қабілетін одан әрі арттыру міндеті тұрғанын атап өтіп: «Смарт-келісімшарттар және электрондық коммерция (e-commerce) туралы заңнаманы жетілдіру тұтынушылардың қатысуымен болатын құқықтық қатынастарды қоса алғанда, шарттық құқықтық қатынастарға қатысушылар құқығын қорғауға бағытталуы тиіс» деп көрсетті. Алайда қазіргідей ғаламтор желісінің қолжетімділігіне сәйкес алаяқ­тық қылмысын кибер әдіспен жасау күн санап өсіп келеді. ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігінің 4) тармағымен, яғни ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікті иемдену қылмыстарының бірі ашылғанымен, ашылмай жатқаны жетерлік. Ондай қылмыстың құрбаны болған адамның өзі ішкі істер органдарына жүгінуге құлықсыз, себебі арыз берудің әуресі көп. Ол аздай, арыздың аяқсыз қалатынын халық түсінген. Мұндай осал тұсты пайдаланған алаяқтар адымын алшаң басып, оңай ақша табу үшін күніне бірнеше жанның картасындағы ақшасын, телефондағы бірлігін, киви әмияндарындағы электронды ақшасын ғаламтор дүкендерінен зат алғанын немесе әлеуметтік желіні пайдаланып, қажеттіліктерін алу үшін тапсырыс берген кездерін пайдалана отырып, дамылсыз тонап мазасын қашыруда. Дегенмен «бұл құрықтан халықты құтқару үшін қандай әрекет істеу керек?» деген ой әркімге де келері сөзсіз.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлеуметтік желілер арқылы нарық құнынан төмен бағамен тауар сату, карта нөмірін тұтынушы бағдарлама арқылы жазғанда одан ақша жымқыру, ақшасын алып міндеттемесін орындамай, байланысын өшіріп тастау фактілері жиі орын алады. Сондықтан құқық қорғау органдарының жұмысы шаш етектен. Қылмысты ашуға көп уақыт кететіндіктен, халыққа қызмет көрсету органдары жанынан тергеуге дейінгі әрекетті жүргізетін тиісті мекемелер ашу тиімдірек деп ойлаймыз. Қылмыстың жолын кесуде жоғарыда аталған орталықтарға халыққа тиімді сенім телефондарын орнатып, жәбірленушіден қоңырау келіп түскен кезде, ондағы бағдарламашы мамандар құқық қорғау, банк, ақпараттық қызмет көрсету, байланыс орталықтарындағы базаларға ене алатындай, өзара байланыста болып, түскен мәлімет бойынша электронды ақшаны алған адамды тауып, аударылған шотты бұғаттап, ақшасын қайта шотына салатындай уәкілеттілікте болуы, яғни «темірді қызған кезінде соғу» амалын қолданып, әрі қарай жәбірленуші азаматтың құқық қорғау органына арыз беру құқығын өз еркіне қалдыруы қылмыстың алдын алуға көмектеседі. Бұдан кибер­қылмыстар жойылып кетпегенмен, саны төмендері сөзсіз. Қоғамды жайлаған дертпен қоғам болып күресу, тентекті жөнге салу құқық саясатын дұрыс реттеуден басталады.

Элизавета АТШЫБАЕВА, Астана қаласы Байқоңыр ауданы №2 сотының

судьясы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button