Спорт

Әлем чемпионаты – Астана

21-25 тамыз аралығында елорда тұрғын­дары мен қонақтары джиу-джитсудан жастар мен кадеттер (U14-U21) арасында әлем чем­пионатын тамашалайтын болады.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сара­йында өтетін турнирде 42 елден келген 1200-ден астам спортшы бақ сынайды. Қазақстан атынан 194 спортшы қатысады.

АҚШ, Қытай, Германия, Португалия, Франция, Италия, Греция, Венгрия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Моңғолия, Словакия, Швеция, Швейцарияның үздік спортшылары жарыстың көркін қыздырады.

1996 жылы 3-4 ақпанда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында алғаш рет әлем чемпионаты өтті. Бразилиялық спортшы Маркус Винисиус 13 рет әлем чемпионы болды. Қазақ спортшыларының арасында Айдар Махметов ММА, джиу-джитсу және каратэ бойынша әлемнің 5 дүркін чемпионы атанды. Жеңіс Нұрлыбаев джиу-джитсуден өткен әлем чемпионатында екі рет дараланды.

2018 жылы Индонезияда өткен XVIII Азия ойындарының бағдарламасына енді. Бүгінде елдің әр өңірінде джиу-джитсу бұқаралық спорт ретінде дамуда. Астанадағы әлем чемпионаты – жас спортшылардың өз-өзін дәлелдеуге үлкен мүмкіндік.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button