Спорт

Үлкен футбол ауладан басталады

Астана қаласында аула командалары арасында футболдан «Аула лигасы» турнирі өтуде. Тамыз айының басында елордада аула футболына іріктеу кезеңі өтіп, турнирдің келесі кезеңіне 53 команда жолдама алды.

Турнир қаланың бес спорт алаңында өтуде. Елорданың футбол сүйер жанкүйерлері Сарыарқа ауданындағы «Көктал» паркі (Бейбарыс Сұлтан көшесі), Алматы ауданындағы Қазақстан футбол федерация­сының (ҚФФ) ашық футбол алаңындағы (Б.Момышұлы даңғылы, 5А) тартысты ойындарды көре алады. Байқоңыр ауданының аула клубтары да ҚФФ ашық футбол алаңында бақ сынайды. Ал Нұра ауданындағы аула командалары №81 Astana English school гимназиясының алаңында және Есіл ауданындағы командалар Қабанбай батыр көшесіндегі №31 тұрғын үй кешені маңындағы алаңда өзара мықтыны анықтайды.

30-31 тамызда бес ауданнан үздік шыққан командалар «Жас батыр» спорт кешенінде кездеседі.

Аула командалары арасындағы футбол турнирі жазғы демалыс кезінде балалар мен жастардың бос уақытын ұйым­дастыру, қалада бұқаралық футболды дамыту, жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткізілуде. Бразилия, Германия, Британия сынды футбол дамыған елдерде аула футболына ерекше мән беріледі. Әсіресе Бразилияда жағажай және аула футболы дамып, қаншама талантты футболшының бағын ашты. Футбол патшасы атанған Пеле де аулада доп теуіп шеберлігін шыңдағаны белгілі. Сондықтан аула лигасын дамыту – маңыз­ды міндеттің бірі.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button