Елорда тынысы

Концерт көңіл көтерді

Елордадағы Есіл жағалауы амфитеатрында үш сағат бойы Жеңіс күні мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған «Отанға қызмет – ұлы құрмет» концерті өтті. Қаланың шығармашылық ұжымдары астаналықтарды ҰОС-тың 78 жылдығымен құттықтап, өз өнерін ортаға салды.

Іс-шара аясында «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі, «Наз» мемлекеттік би ­театры, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның үрлемелі оркестрі, «Терра» би театры, сол сияқты республикалық және халық­аралық вокалдық байқаулардың өзге де жеңімпаздары өнер көрсетті.

– Астана қаласының Мәдениет басқармасы әкімдіктің өзге ведомстволық бағынысты кәсіпорындарымен бірлесіп 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған концерт өткізді. Концерт бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне арналған. Концертке Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын шақырдық. Мұнда отандық композиторлардың әндері мен соғыс жылдарындағы туындылар орындалды. Сонымен қатар М.Горький атындағы орыс драма театрының ұжымы көрермендерге театр қойылымын ұсынды, – деді Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Қамзин.

Аталмыш басқарма өкілдері ардагерлерге, елорда тұрғындары мен қала қонақтарына арнап мереке ұйымдастырды. Концертке жүздеген көрермен қатысты.

«Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Мұны өскелең ұрпақ білуі керек. Бұл жеңісті ешқашан ұмытпауымыз қажет. Сондықтан бүгін немерелерімді концертке алып келдім. Жеңіс күні құтты болсын!» деді концертке қатысушы Гүлзада Есенова.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button