Елорда тынысы

Батырлар туралы фотокөрме

Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде «Ұлы Жеңіс батырлары және Қасым» атты фотокөрме ашылды.

9 мамыр қарсаңында музейде мұрағат суреттері мен Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық батырлар туралы ақпарат ұсынылған арнайы стенд ұйымдастырылды.

Фотокөрменің басты мақсаты – ерлігімен ел қорғаны бола білген батырлар мен қазақтың қайсар партизаны Қасым Қайсеновтің ерлігін келешек ұрпаққа насихаттау.

Көрмеге келушілер қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш Хиуаз Доспанованың, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновтің, қаһарман қазақ қыздары, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев және тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің тарихымен және еңбектерімен жақынырақ таныса алады. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық қаһарманы Қасым Қайсенов және Екінші дүниежүзілік соғыс батырлары жайлы фотосуреттер көрме бұрышына қойылған.

Фотокөрме 11 мамырға дейін жалғасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button