Елорда тынысы

Робототехника жеткіншекке жат емес

Бас қалада Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2023» І қалалық робототехника фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Фестиваль белгілі кинорежиссер Мұрат Есжан түсірген «Әлиханның арманы» деректі фильмінің тұсаукесерімен ашылды.

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының қолдауымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2023» І қалалық робототехника фестивалі өтті. Фестивальда елордалық 40 мектептен 75 команда сайысқа түсті.

Өмірден ерте озған дарынды оқушы, физика, робототехника салалары бо­йынша республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Әлихан Серікзатұлы Мақсұттың ғибратты ғұмырын мектеп оқушыларына үлгі ете отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауларында айтылған елімізге қажетті болашақ техник мамандарды дайындауға қолдау көрсету, оқушылардың жасаған инновациялық жобаларын, өнертабыстарын БАҚ және әлеуметтік желі арқылы халыққа кеңінен насихаттау фестивальдің басты мақсаты болды.

Фестивальді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, «Роботек» робототехника мектебі және Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры бірлесіп ұйым­дастырды.

Оның ашылу және жабылу салтанатына Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының басшысы, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, өнер қайраткерлері, журналистер, блогерлер қатысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button