Елорда тынысы

Теңізшілер әскерден келді

«Астана-1» теміржол вокзалында рухани-патриоттық іс-шараға куә болдық. Әскери-теңіз күштерінде Отан алдындағы борышын өтеген 40 матросты салтанатты жағдайда қарсы алды.

Әскери-патриоттық шараға Қорғаныс министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің өкілдері арнайы келді. «Қарулы Күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығы, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері бой көрсетті. Қорғаныс министрлігі орталық әскери оркестрі іс-шараның мән-мазмұнын арттыра түсті.

Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары, полковник Жұмабек Хасенов пен «Қарулы Күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов жалынды ойымен бөлісті. Ата-аналар атынан Берікбек Сейдуллаұлы, матростар арасында Берік Надралиев пен Сергей Антипенко сөз сөйледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button