Шаһар шаруашылығы

Бұл – біздің Қазақстан

Астанада 2500-ден астам бала қатысқан «Бұл – біздің Қазақстан» ұлттық киімдер флэшмобы Қазақстан халқының бірлігі күні мен Халықаралық би күні қарсаңында өтті.

Елордалық барлық білім беру ұйымдарында бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша өтетін шараның мақсаты – әлем халықтарының дәстүрлі би өнерімен және олардың шығармашылығымен таныстыру, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау. Осылайша оқушыларды достық, толеранттылық сезімдерін нығайтуға, жасөс­пірімдердің қоғамдық белсенділігін арттыру мен өскелең ұрпаққа дұрыс үлгі танытуға үлес қосады.

Көктемнің көңілге шаттық сыйлаған әсем мерекесі ­Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алдындағы хореографиялық ұжымдар мен этнолингвистикалық орталықтар қатысқан мерекелік бағдарламамен аяқталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button