Елорда тынысы

Халық таңдаған жобалар

Астана қаласының Алматы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулаларды абаттандыру жұмыстары іске асырылуда.

Аталмыш бағдарлама аясында 72 жоба іріктеліп алынған. Оның 59-ы аулаларды абаттандыруға арналған. Нақтырақ айтсақ, балалар ойын алаңқайларын құру, спорт тренажерлері, шағын архитектуралық формалар орналастыру, тағы да басқа жұмыстар жасалады. Ал қалған 13 жоба жарықтандыру мен су бұру жұмыстарына бағытталған.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы 2020 жылдан бастап еліміздің ірі қалалары мен облыс орталықтарында жүзеге асырылып келеді. Оған сәйкес қала тұрғындары өз аймақтарын көркейту мен абаттандыруға арналған жобаларын ұсына алады. Жобаларды іріктеу үшін жергілікті әкімдік сайтында байқау жарияланып, азаматтардың электронды-сандық қолтаңбасы арқылы дауыс беру нәтижесінде жеңімпаздар анықталады.

Дәл осы бағдарлама аясында Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінің сайтында 6-29 сәуір аралығында конкурс жарияланған болатын. Қазіргі таңда тұрғын үй кешендерінің дауыс беру нәтижесінде іріктеліп алынған жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 59 ауланы абаттандыру жұмысы қыркүйекке дейін аяқталады.

Төлеген АБДРАСИЛОВ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

2-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button